Kitap app for android description: «Қазақстанның ашық кітапханасы» - өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, ұлттық әдебиетіміз бен отандық ғылымды насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.Мақсатымыз – халқымыздың асыл қазынасы саналған рухани мұрамызды, көненің көзіндей болған өнер жауһарларын көпшілікке таныту, келешек ұрпаққа жеткізіп, бойына дарыту, жас ұрпақтың қазақ әлемімен етене жақындасуына дәнекер болу.
Қазақ ақын-жазушыларын оқуға құмартқан кез келген адамды кез келген жерде қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, көпшіліктің сұAранысын өз дәрежесінде қанағаттандыру.Бүгінгі күні «Қазақстанның ашық кітапханасы» қорында 500-ден аса автордың түрлі бағыттағы 4000-ға жуық кітабы жинақталған.
Кітапханамызға елімізге, қала берді әлемге танымал өмірден өткен тұлғаларымыздың қоғамдық игілік санатына енген шығармаларымен қатар, қазіргі ақын-жазушыларымыздың да мұралары Creative commons еркін лицензиялары негізінде авторлық құқықтары сақталып енгізілген.
Қазақ тілі мен мәдениетінің дамуына серпін берер жобаға ықылас танытып, шығармаларын осында ор�